Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті Қарақия ауданының тұрғындары!

Құрметті Қарақия ауданының тұрғындары!

Біздің партия Қарақия ауданы тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Біз Сіздерді аудандық мәслихат сайлауына қатысуға «Nur Otan»партиясын қолдауға шақырамыз.

Біздің бағдарламамыз туған ауданды дамытуға бағытталған. Біз Маңғыстау облысының Қарақия ауданын Ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сауда орталығын жасайтын, сондай-ақ туризмді дамыту бағытында нақты шараларды ұсынамыз.

Біз ауданымыздың дамуы мен гүлденуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен ашық идея алмасуға және кең ынтымақтастық жасасуға дайын екенімізді хабарлаймыз

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады.

Біз алдымызға Сіздің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз.

Біз ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құрамыз.

0
0
167

Осы тақырып бойынша

Құрметті Қарақия ауданының тұрғындары! - Yvision.kz