Құрметпен, Айбек Төлепбердіұлы Сынақтан өтіп, бірге жеңеміз!
Құрметпен, Айбек Төлепбердіұлы Сынақтан өтіп, бірге жеңеміз! Мені округ әкімі ретінде таңдаңыз және алдағы төрт жылда: Тұрғындардың әл-ауқатын және олардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін ауылдық округ экономикасының белсенді дамуына ықпал ететін боламын; Ауыл шаруашылығын дамыту есебінен ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін ірі қара мал, жаңа жұмыс орнын құруға ықпал ететін боламын; Ауылдық жастардың мәдени бос уақытын ұйымдастырумен, спортты және адамдардың салауатты өмір салтын дамытумен, жастарды жұмысқа орналастыру шешіміне қатысумен белсенді айналысамын; Жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің әлеуметтік бағыттылығын қамтамасыз ету бойынша бар күш-жігерімді саламын. Топқайың ауылының ішкі жолдарын орташа жөндеуге, "Белқарағай ауылына кіреберіс" және "Өрнек ауылына кіреберіс" автомобиль жолдарын жөндеу арқылы инфрақұрылымды жақсартуға; Топқайың және Белқарағай ауылдарын сумен жабдықтау желілерін қайта құру жолымен таза ауыз сумен қамтамасыз етуге; Топқайың ауылында ауыл клубының құрылысын жүргізуге күш саламын. Туризмді дамытуға - Белқарағай ауылындағы "Баян" демалыс базасын кеңейтуге; Кәсіпкерлерді қолдауға -Топқайың ауылында наубайхана ашуға; Халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге; .Ауылдық округтің белгілі тумаларының мәдени-рухани мұрасын насихаттауға үлес қосамын.
