Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бүгін аудан әкімі Зайнулдин Серік Зинабекұлы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевтің Құрмет грамотасымен марапатталды. Құрмет грамотасын Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Еркінбекұлы Байділдин табыс етті. Зайсан ауданы аймақта алғаш болып аудандар арасында «Ашық Әкімдік» кеңсесін сапалы ұйымдастырып, «Зайсан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына үлкен қолдау көрсетіп келеді.
