Құрманғазы аудандық филиалының штаб отырыс өтті
Бүгін, "Nur Otan" партиясы Құрманғазы аудандық филиалының штаб отырыс өтті. Жиынды штаб төрағасы Өмірболат Өтегенұлы Есенғазиев ашып жүргізіп, штаб құрамының үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу барысымен таныстырып өтті. Ө.Есенғазиев өз сөзінде: - Елімізде үлкен серпінмен басталған алда өтетін, яғни 10 қаңтар 2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттың барлық деңгейіне депутаттыққа «Nur Otan» партиясының тізімімен ұсынылған кандидаттардың сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары, біздің аудан бойынша да жоғарғы деңгейде, үлкен ұйымшылдықпен аяқталуға жақын. Аудандық филиалдың конференциясында, партияның партияішілік іріктеуі Праймериз қортындысымен жоғарғы рейтингтік бал жинаған 26 үміткер аудандық маслихатқа, 5 үміткер облыстық маслихатқа ұсынылған болатын. Бекітілген сайлау алды желілік кесте мен медиа жоспар бойынша 11 желтоқсан 2020 жылы басталған үгіт-насихат жұмыстарына сәйкесті кандидаттар әр түрлі шараларын: ауылдық округ тұрғындарымен онлайн, офлайн кездесулерін, канвассинг, есіктен-есікке, экспромт кездесулерін әр түрлі бағытта үгіт-насихат материалдарын жастар белсенділерімен тарату, әлеуметтік желілерге өз аттарынан партиялық сайлау алды (2021-2025ж.ж) арналған бағдарламасынан, ауданның даму жоспарынан, жалпы елде, ауданда жасалып жатырған жұмыстар мен кездесулерде айтылған ұсыныс, пікірлер туралы шығарған посттары жарияланды. Барлығы 178 өтуі керек болатын аудандық шаралардың барлығы дерлік өтті.
Бұдан басқа аудан тұрғындарымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер Д.Н.Тұрғанов, С.Ж.Нақпаев, Т.Е.Бейісқали және облыстық маслихатқа үміткерлер С.Қ.Сұлтанов, Ж.Ө.Шакупов, М.Б.Құмаров, К.Т.Меңдіғазиева,Е.С.Боранғалиев, З.О.Карсакова,А.Ғ.Даумов, А.Х.Идрисов, М.Н.Абуов кездесіп, желілік кестелеріне сай іс –шараларын өткізді-деп атай келе, 10 қаңтар сайлау күні штаб құраманың ертенгі сағат 07.00-ден сайлау мерзімі аяқталғанға дейін түгел жиналып өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен атқаруға шақырды.
