Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрманғазы атындағы ҚҰК Ректоры Жәния Әубәкірова KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Жамболат Сәрсеновке алғас хат жіберді

ҚР халық әртісі, ҚР Бірінші Президентінің Бейбітшілік және Прогресс мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жәния Әубәкірова  KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Жамболат Сәрсеновке Астана және Алматы қалаларында Құрманғазы атындағы Консерваторияның мерейтойлық концертін ұйымдастыруға және  өткізуге қолдау көрсеткені үшін  алғыс хат жолдады.

"Құрметті Жамболат Жәкейұлы!

Біздің  мерейтойымыздың ойдағыдай өткеніне  және оны  ұйымдастыруға қол ұшын берген жандарға деген ризашылығымыз шексіз.   Атқарып жатқан міндетіміздің қаншалықты маңыздылығын сезініп, өз кәсібіміздің ел арасында айрықша құрметтелетініне тағы да көз жеткізе отырып,  Сіздің демеушілік көмегіңіздің арқасында қонақтарды  және ұйымдастырушыларды  қонақжайлылықпен Астананың ең жайлы  отелдеріне  қалай орналастырғанымызды өзіміздің студенттеріміз бен ұстаздар арасында әлі де  мақтанышпен есімізге алып жатырмыз.  Біз ұйымдастырған шарада қазақстандық және шетелдік жоғары лауазымды қонақтарға таныстыру үшін мерейтойлық кітап басылымын шығаруға  Сіздің көрсеткен қолдауыңыздың көмегі орасан зор  болды.

Өнер саласындағы адамдардың басым бөлігін құрайтын Консерваториялықтар тұрмыстық  қиындықтарға, «нәзік» рухани сұраныстарға немқұрайдылық сияқты кедергілерге  жиі ұшырасып отырады.  Осы жолғы  мерейтойлық шара  еліміздің өнерге  деген ерекше қарым-қатынасын көрсетті, әсіресе KAZENERGY қауымдастығының    жауапты кезеңдерде өнер адамдарының шығармашылық мүмкіндіктерінің  бар қырынан ашылуы үшін қолдау көрсетуі мерейлі іс болды.

Біздің  350 студент пен педагог қатысқан Астана мен Алматы қалаларындағы  концерттеріміз үлкен шығармашылық шабытпен өтті; барлығы сәтті атқарылды, еліміздің басты залдарындағы концерттер аншлагпен өтті, ал ол – халықтың  дәстүрлі және классикалық музыка саласындағы сапалы өнімдерге  деген сұранысының  айғағы.

Әлеуметтік желілердегі  ризашылықпен  әрі шаттанған көңілмен айтылған  пікірлер біздің шабытымызға шабыт қосып, жүрегімізге қуаныш ұялатады.

 

Жамболат Жәкейұлы, Сізге көрсеткен  қолдауыңыз және демеушілік көмегіңіз  үшін шын көңілден алғыс айтамыз!

Мәдениет саласы еліміздің экономикалық даму жолындағы табыстарына тікелей тәуелді екенін аса терең түсіндік. Қазіргі құбылмалы, тұрақсыз заманда Сізге стратегиялық даму жолында табысқа жетуіңізді, жоспарларыңыздың тұрақты болуын және  абыройыңыздың арта беруін   тілейміз!" - делінген алғыс хатта

0
0
1422

Осы тақырып бойынша

Құрманғазы атындағы ҚҰК Ректоры Жәния Әубәкірова KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Жамболат Сәрсеновке алғас хат жіберді - Yvision.kz