"Өркен" бастауыш партия ұжымымен «Құрылыс саласының өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесу
«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың "Өркен" бастауыш партия ұжымымен «Құрылыс саласының өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесу өтті.
Кездесуге Рыстина Индира Садыбекқызы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, Кенжебаев Нұрғали Құранәліұлы – «Ботақан – 2017» ЖШС бас директоры және Рахимжанова Айгүл Хамитқызы – «Био-центр Астана» ЖШС басшысы қатысты.
Іс-шара барысында «Өркен» бастауыш партия ұжымының өзекті мәселелері ретінде: зейнетақы мәселелері, бала тәрбиесі сұрақтары қойылды. Шара соңында «Өркен» ұжымы 2021 жылдың 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына толықтай дауыс беретіндіктерін жеткізді.
