Рейдтік шара өткізілді
2017 жылдың 9 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелерімен «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы аясында БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің «Орал кедендік толтыру орталығының» кедендік бекетіне рейдтік шара өткізілді.
Шара шеңберінде мобильдік топ мүшелері жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратты. Сонымен қатар, мобильдік топ мүшелері тұрғындарға заңнамалық көмектер көрсетіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
