Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Рейдтік іс-шаралар жалғасын табуда

2020 жылдың 7-8 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері мониторингтік топтардың жұмысы кезінде бұрын анықталған 15 құқықбұзушылық фактісіне сәйкес ҚР ӘК 425-бабының 1 бөлімі бойынша хаттамалар толтырып, айыппұл салды.

2020 жылдың 7 желтоқсанында бұрын анықталған құқықбұзушылық фактілеріне сәйкес жеке кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына 9 айыппұл салынды. Атап айтқанда, а.ж. 25-27 қарашада көпшілік іс-шаралар (той) ұйымдастырылған «Toi Like», «Ақ Отау», «Алтын ғасыр» мейрамханаларының иелеріне және аталмыш іс-шараларды ұйымдастырушы (той иелері) 5 қала тұрғынына (1972, 1996, 1999, 1994, 2001 жж.) айыппұл салынды.

Сонымен қатар, 7 желтоқсанда айыппұл №9 қоғамдық көлікте медициналық бетпердесіз қатынаған 1992 жылғы қала тұрғынына да салынды.

А.ж. 8 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері, 2020жылдың 23 қарашасында Боровое көшесі, 61 мекен-жайында орналасқан жалға берілетін коттеджде көпшілік іс-шара ұйымдастырған 2000-2002 жылғы қаланың 6 тұрғынына айыппұл салды.

Анықталған он бес құқықбұзушылық фактілері үшін айыппұлдың жалпы сомасы 1 458 450 теңгені құрайды.

0
0
286

Осы тақырып бойынша