Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚРеспубликасы Президентіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Төңкерісте

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Төңкеріс ауылы тұрғындарымен кездесті. Жиында штаб мүшелері кандидаттың әділдік және өрлеу қағидаттарына кеңінен тоқталды.

Аудандық штаб басшысы М.Ибраев сайлауалды бағдарламадағы ауылдық жерлерді кешенді дамыту тұжырымдасымен таныстырып, Қ.Тоқаевтың стратегиялары Қазақстанды дамытуды көздейтінін жеткізді.

Мемлекет ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бар жағдай жасауда. Биылдың өзінде біздің ауылға 4G жылдамдығы бар мобильді интернет келді, ал келер айда ауыз су бағдарламасымен әр үйге су келмек. Қ.Тоқаев сайлауалды бағдарламасында алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналатынын айтып жатыр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары ауыл тұрғындары жұмысынан айырылып, колхоз меншігіндегі заттар қолдан қолға өтіп кеткен еді. Ал, қазір ауылымыз қайта жанданып, екінші өмірін бастады" - деді штаб мүшесі Б.Қазиханов.

Кездесу барысында тұрғындар да сөз алып, ұсыныс-тілектерін айтты. Ауыл тұрғыны Б.Шунышкалиева кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы алдағы уақытта елімізде әлеуметтік саланы, ауылдарды дамытуға басымдық берілетіндігіне риза екенін жеткізіп, ауылдастарын жауапты сәттен тыс қалмай, саяси науқанда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
153

Осы тақырып бойынша

ҚРеспубликасы Президентіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Төңкерісте - Yvision.kz