Республикалық штаб мүшелері Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының халқымен кездесті
📷Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық штаб мүшелері Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының халқымен кездесті
📷Аудан халқымен кездесу барысында делегация басшысы, Мәжіліс депутаты Мәлік Құлшар кандидаттың өмірі мен еңбек жолын тілге тиек етіп, сайлауалды бағдарламадағы нақты міндеттерге тоқталды.

📷- Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Халықаралық қатынастардың мықтылығы сыналып, жалпы әлеуметтік нормалар мен ережелерге күмән келтіріліп жатқан ағымдағы геосаяси жағдайда, Қазақстан мемлекеттілігін нығайтып, өзінің егемендік ұстанымына берік болуы керек. Президент Қ.К.Тоқаев жүйелі қайта құру және терең саяси және экономикалық реформалар үдерісін іске қосты. Демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстан құру міндеті жарияланды. Кандидатымыз өзінің сайлауалды бағдарламасында «Әділетті мемлекет – Әділетті экономика – Әділетті қоғам» атты қағидаттары арқылы алдағы 7 жылда қол жеткізуге болатын нақты және өлшенетін көрсеткіштер бар, - деді Мәлік Құлшар.
📷Делегация басшысы өз сөзінде Президент Жолдауындағы жүзеге асып жатқан бағдарламаларға тоқталды. Ал, республикалық штаб мүшесі Табылғали Сапаров халыққа сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп өтті.
📷- Мемлекеттің біртұтастығы үшін саяси тұрақтылықтың маңызы зор. Біз сайлауға қатысу арқылы еліміздің болашағын айқындаймыз. Сайлау – елдің бірлігін айқындайтын саяси науқан. «Қате – қас пен көздің арасында» дегенге салар болсақ, ертеңгі күнге сеніммен қадам басу үшін сайлауға бір кісідей атсалысуымыз керек, - деді Т. Сатқалиұлы.
#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022
