Республикалық сайлауалды штабының мүшелері сайлаушылармен кездесті
Облысымызға жұмыс сапарымен келген республикалық сайлауалды штабының мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан мен республикалық сайлауалды штабының өкілі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Рахат Жақсыбаев Орал қаласындағы бірқатар нысандарда болды. Тұрғындарды алдағы сайлауға белсене қатысуға үндеу, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыру мақсатындағы кездесулерге «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов пен «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Нұршинов қатысты. Бұл күні республикалық штаб өкілдері арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындармен және қалалық көпбейінді аурухана ұжымымен кездесті.
