Республикалық сайлауалды штаб мүшелері екібастұздықтармен кездесті
«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Айгүл Нұркина және облыстық маслихатқа кандидаттар Света Әбдраманова, Серік Садвакасов Екібастұз қалалық ауруханада денсаулық сақтау саласы мамандарымен жолықты.
⠀Дені саудың – жаны сау. Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігін дәлелдеудің қажеті шамалы. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұл туралы нақты баяндалған. Мәселен, Облыстық онкологиялық диспансер мен қалалық, аудандық ауруханалардың базасында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулермен тұрғындарды қамтуды ұлғайту, Стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету бар.
⠀
Бұл шаралар 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 72,4-тен 74,1 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді,-деп атап өтті Света Әбдраманова. Қуантарлығы 2023 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы 2.5 есеге өседі. Демек, дәрігер 550 мың алса, орта буынды медициналық қызметкерлердің жалақысы 190 мың теңгені құрамақ.
⠀
Кездесу барысында кадр жетіспеушілігі айтылмай қалған жоқ. Жас мамандар көбінде үлкен қалада жұмыс істеуді қалайды. Келгенімен көп тұрақтамай кетіп қалып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта олардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасап, елді-мекенде ұзақ жыл қызмет істейтін арнайы заң қабылданса деген ниеттерін білдірді. Кандидаттар бұл сауал әрқашан партияның назарында болғандығын сенімен жеткізді.
⠀
«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штаб мүшелерінің іссапары Шідерді кентінде жалғасын тапты. «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Қаныш сәтпаев атындағы каналы» филиалы Павлодар пайдалану басқармасында кенттің белсенділерімен кездесті. Бұл жерде әлеуметттік мәселелер көбірек сөз болды. Қадірменді қонақтар партияның сайлауалды бағдарламасындағы халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында қандай бағыттарға басымдылық берігендігін қарапайым тілмен түсіндіріп берді. Алдағы уақытта өңірімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құрылмақ.
⠀
«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жобалар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталмақ,-деді Айгүл Нұркина.
⠀
Жиын соңында кездесуге келген тұрғындар партия атынан есімін ұсынып отырған үміткерлерге сәттілік тілеп, саяси науқаннан қалмайтындықтарын айтты. Алда сіз бен біздің жарқын болашағымыз үшін біріге атқаратын жұмыстарымыз баршылық. Бір үйдің баласындай бірге болайық. Сіздерді «Nur Otan» партиясы дауыс беруге шақырамыз,-деді жиын соңында үміткерлер.
