Республикалық сайлауалды штаб кездесуі
"Nur Otan" партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшесі, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы" ММ директоры» Рахимжанов Әмірхан Муратбекұлы және Партияның республикалық сайлауалды штабының мүшесі, "QAZAQSTAN" Ұлттық телеарнасының бөлім басшысы, журналист, актер, блогер Жұқанұлы Айдос Ұлан ауданының Бозанбай және Донской ауылдарында тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында олар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партия мүшелерінің мақсаттары мен міндеттері туралы айтты. - Бағдарламаның басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту. Біздің партия елді мекендерге таза ауызсу тартып, жолдардың сапасын жақсартуды көздейді, - деді кандидаттар. Олардың айтуынша, партия барлық кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсету үшін барлық күш-жігерін салуға дайын. Кездесу соңында үміткерлер ауыл тұрғындарын толғандырған сұрақтарға жауап беріп, партияның болашаққа бағыт-бағдарын атап өтті.
