Республикалық қоғамдық штабының алғашқы отырысы өтті.
Құрметті достар!
Еліміз үшін ерекше маңызды саяси науқан басталды. Бұл саяси доданың біздер үшін жауапкершілігі де жоғары.
Кеше президенттікке кандидат Қ.К.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының алғашқы отырысы өтті. Жиында штаб құрамы мен алдағы жұмыс жоспары жарияланды.

Республикалық қоғамдық штаб құрамына 474 адам кірді. Олардың арасында қоғам және мемлекет қайраткерлері, Халықтық коалицияға кірген 3 партия мен 22 ұйымның өкілдері, депутаттар, жастар, спортшылар және түрлі сала өкілдері т.б. бар.
Сондай-ақ еліміздің әр өңірінде 226 штаб құрылып, оның құрамына 6 мыңнан астам адам кірді. Халықтық коалицияға кірген ұйымдардың өкілдерінен 30 мың адамнан тұратын кандидаттың сенімді өкілдерінің тізімі жасалды. Сайлау күні барлық сайлау учаскелерінде жұмыс істеу үшін 20 мыңға жуық бақылаушы дайындалды.
Сонымен қатар, келесі аптадан бастап РҚШ мүшелері сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барады. Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын әрбір сайлаушыға жеткізуді мақсат етіп отырмыз.
#Toqaev2022
