Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Батыс Қазақстан облысына барды
♾Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Батыс Қазақстан облысына барды
📍ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Снежанна Имашева, Ғұмар Дүйсембаев бастаған Халықтық коалицияның өкілдері Батыс Қазақстан облысына барды.
⏺РҚШ мүшелері алғашқы кездесуін Чинарев мұнай-газ конденсат кен орнынан бастап, сайлаушыларды ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
🗣«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында ауыл мен аграрлық сектор – Қазақстан экономикасының тұрақтылығының негізі екендігі атап көрсетілген. Ауылда өмір сүру және жұмыс істеу ыңғайлы әрі тиімді болу үшін, ауыл мен ауыл шаруашылығын жандандыру міндеті қойылып отыр. Ол үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру бойынша ауқымды жоба іске асырылатын болады», - деді Ғұмар Дүйсембаев.
⏺Үгіт-насихат жұмыстары Дариян ауылының тұрғындарымен кездесумен жалғасты. Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасы шеңберінде алдағы 7 жылға қандай жұмыс жоспарланғаны туралы айтып, сайлауалды бағдарламаға тоқталып өтті.
⏺Бағдарламада ұрпақты тәрбиелеу жолындағы оң бастамалар, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 ірі орталық салынатыны айтылған. Атап айтқанда, оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркем өнер мектептері бой көтереді. Әрбір оқушы өзі қалаған спорт секциясына, шығармашылық үйірмеге тегін қатыса алады. Балалардың денсаулығын жақсарту үшін елімізде 50 сауықтыру лагері ашылады. Балабақшаларда әлеуметтік жағынан әлсіз отбасылардан шыққан балаларға және бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады. Олар өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстардан босатылады. Ұстаз атты ардақты ұғым жоғары мәртебе мен биік парасаттың синониміне айналады.
#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022
