Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

✅Республикалық қоғамдық штаб Баянауылға барды

⏺Бірлік ауылында өткен кездесуге өңірдегі шаруа қожалықтарының қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысты. Олар, Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бизнес саласына қатысты мәселелерге тоқталды.

⏺ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерді дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

⏺Ал Майқайың кентінде өткен кездесуге ақсақалдар, мәдениет қызметкерлері және ауданның шығармашылық өкілдері жиналды. Қандастардың атынан сөз сөйлеген жергілікті тұрғындардың бірі өз ұсынысын штаб мүшелеріне айтты. Ол бүгінде Қазақстаннан тыс жерлерде қызмет етсең еңбек өтілі есептелетінін, алайда әскерде қызмет етіп, білім алуға кеткен уақыт есепке алынбайтынын айтып, осы мәселені назарға алуды сұрады.

⏺Жалпы, майқайлықтар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдіріп, 20 қарашада өтетін президент сайлауына қатысуға дайын екендіктерін айтты.

#Toqaev2022

0
0
236

Осы тақырып бойынша

✅Республикалық қоғамдық штаб Баянауылға барды - Yvision.kz