Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Республикалық форум

2018 жылы 25-26 қазанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Сырым Қажымұратұлы Нәси, департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Рафаэльқызы Айтуарова және персоналды басқару жөніндегі бас маман Әсел Мендіғалиқызы Қарымсақова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық әдеп стандарттары: тәжірибе және жетістіктер» атты республикалық форумға қатысты. Форум аясында өткізілді:  

ОМО-ның, ОМОАБ-нің әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен «2018 жылдың 9 айына Қостанай облысы орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметі туралы» семинар-кеңес;

«Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік дерт» атты театр қойылымы. Театр қойылымының негізгі тақырыбы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларының туындауымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қоғамға теріс ықпалымен байланысты;

«Әдеп жөніндегі кеңестердің қазіргі келбеті: жай-күйі мен даму перспективалары» атты деректі сюжетті көрсету;

Мінез-құлықтың этикалық стандарттарының құқық қолдану практикасына арналған, диалог алаңы қатысушыларының қорытынды қарары;

«Әдеп жөніндегі уәкіл институты - Қазақстанның қызметтік этика жүйесінің негізгі элементі» атты деректі сюжетті көрсету;

Әдеп жөніндегі уәкіл жұмысының технологиялары мен әдістеріне арналған, диалог алаңы қатысушыларының қорытынды қарары.

0
0
497

Осы тақырып бойынша

Республикалық форум - Yvision.kz