Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Республикалық біліктілікті арттыру курсында дәріс оқылды

🔴2019 жылғы 29 қазан күні Оқушылар сарайында ұйымдастырылған «Қосымша білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға рухани-эстетикалық тәрбие беру» тақырыбында республикалық біліктілікті арттыру курсында Превенция және парасаттылық басқармасы басшысы Б.М.Хайруллин «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында дәріс оқыды. 📍Дәріс барысында оқушылар тәрбиесі саласындағы педагог қызметкерлерге еліміздің саяси бағдары, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының ұстанымдары мен бағыттары түсіндірілді. 📌Шара қатысушылары өскелең ұрпақ бойында жемқорлыққа қарсы түсінікті қалыптастыруда тәрбиелік шаралардың маңыздылығын атап өтті.

0
0
289

Осы тақырып бойынша

Республикалық біліктілікті арттыру курсында дәріс оқылды - Yvision.kz