Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшелері Сырым ауданында

2019 жылдың 22 қазан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өкілі Арман Бердалин мен Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Ырза Тұрсынзада жұмыс сапарымен Сырым ауданында болды.

Жұмыс сапары барысында Агенттік өкілі мен Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ұстаздары және оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Арман Бердалин сыбайлас жемқорлық тақырыбында сөз қозғап, жеке тұлға бойында қалыптасатын парасаттылық және әділдік сияқты құндылықтарды насихаттады. Қоғам қайраткері Ырза Тұрсынзада ұстаздар мен оқушыларға өнегелі әңгімелерін айтып, қатысушыларды адал болуға шақырып, оқушыларға естелік сыйлықтарын тарту етті.

Шара соңында ұстаздар мен оқушылар қонақтарға ақ тілектерін білдіріп, алғыстарын білдірді.

1
0
363

Осы тақырып бойынша

Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшелері Сырым ауданында - Yvision.kz