Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Республика бойынша барлық деңгейдегі әкімдер 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есептерін беруде

Республика бойынша барлық деңгейдегі әкімдер 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есептерін беруде. Бүгін онлайн форматта Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям қаланың оңтүстік бөлігінің тұрғындарына облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. ⠀ Қала басшысы өз баяндамасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік, мәдени және спорт салаларын қамтып өтті. Сондай-ақ, Ержан Иманслям өз баяндамасында 2020 жылғы құрылыс көлемі туралы мәлімдеді. ⠀ Павлодар тұрғындары тікелей эфирде өздерін толғандырған сауалдарын қойды, олардың басым бөлігі абаттандыруға қатысты болды. Қала тұрғындары биылғы жылы саяжай өнімдерін сатуға арналған арнайы павильондар орнатыла ма деп сұрады. Ержан Иманслям павильондарды орнату жоспарда бар екенін атап өтті. Оларды орнату үшін Химгородок, Екінші Павлодар аудандары және Жаяу-Мұса көшелері таңдалынып алынды. ⠀ Сондай-ақ, Павлодар қаласының әкімі сұрақ-жауап барысында «Нұрлы жер 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын айтып өтті. ⠀ Есептік кездесу аясында келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді. Сұрақтардың бір бөлігі бақылауға алынды.

По всей Республике акимы всех уровней докладываются о проделанной работе за 2020 год. Сегодня в онлайн-формате аким Павлодара Ержан Иманслям рассказал о социально-экономическом развитии областного центра жителям южной части областного центра. ⠀ Градоначальник в своем докладе охватил такие сферы как: жилищно-коммунальное хозяйство, социальная сфера, предпринимательство, культурная и спортивная жизни. Также Ержан Иманслям в своем докладе рассказал об объемах строительства в 2020 году. ⠀ В прямом эфире жители Павлодара смогли задать интересующие вопросы, большая часть которых касалась благоустройства. Горожане спросили будут ли устанавливаться в этом году специальные павильоны для торговли дачной продукцией. Ержан Иманслям заверил: установка павильонов в планах имеется, для их установки выбраны районы Химгородков, Второго Павлодара и улицы Жаяу-Мусы. ⠀ Также аким города Павлодара в ходе ответов населению рассказал о проводимой работе по модернизации жилья по государственной программе "Нурлы жер 2020-2025", в рамках которой, также есть возможность отремонтировать лифты в жилых домах. ⠀ На все вопросы, поступившие цв рамках отчетной встречи, были даны исчерпывающие ответы. Часть вопросов взята на контроль.

0
0
161

Осы тақырып бойынша

Республика бойынша барлық деңгейдегі әкімдер 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есептерін беруде - Yvision.kz