Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ресми хат түрлері

Ресми іс қағаздар белгілі бір жүйге қойылған стандарттар бойынша жазылатын тіл.   Солардың бірі ресми хат жазу стилі. Оған: ресми хаттар, қызметтік жеке хаттар, ұсыныс хаттар, сұраныс хаттар, шағым хаттар, циркулярлы хаттар және жолдама хаттар.

Ресми хаттар белгілі бір мекеменің  атқаратын қызметтерін жазбаша түрде қарастыруы. Бұл хаттар мекеменің атынан қызметтен тыс мәселелерді қозғамай жазылуы керек.

Қызметтік жеке хатттар. Бұл хат жеке тұлғаның атынан арналып жазылады және бір ерекшелігі  көтеріліп отырған мәселенің басқа да, ұйымның шеше алатын мәселелерімен байланыстырылып жазылуы.

Ұсыныс хаттар. Бұл хат бір ұсыныс жасаушы тұлғаның атынан жазылады. Яғни, хат тек бір мақсатпен жазылады және өзінің қалыптасқан нормасы бар. Мысалы: қызметкерді белгілі бір орынға ұсыну және оған кепіл болу, т.б.

Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да ұсыныс хаттар тәрізді бір  мақсатпен жазылады. Көбіне белгілі бір мекеме өзіне қажетті ақпаратты сұратқан кезде, сол мекемеге жауапты адамның атынан жазылады.

Шағым хаттар. Бір қызметкердің немесе мекеменің заңсыз іс-әрекетіне шағымданып, оған шара қолдануды сұраған тұлға атынан жазылады. Хатта заңсыз іс-әрекетті дәлелдейтін фактілер болуы керек.

Циркуляр хат. Орталыққа бағынышты барлық мекемелерге бір уақытта таратылатын хат. Бұл көбінесе тапсырма түрінде жіберіледі.

Жолдама хаттар. Хатты жазу кезінде бұрыннан қалыптасқан нормаларды сақтау керек. Бұнда құжатпен жіберілетін қосымшалар жайында ақпарат енгізіледі. Ақпарат қосымшаның құрамы, саны, мазмұны және көлемі жайында мәлімет беруі керек.

   
3
0
12739

Осы тақырып бойынша