#Repost @deputy_asselkurmanbek ... Қазақ: «Төріңнен қарт кетпесін!»
Кеше ғана ардақты да асыл қарттарымыздың мереке күні өтті. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы қарары негізінде жыл сайын аталып өтілетін бұл атаулы күн біз үшін де жат емес. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз. Бұл парыз – оларға қамқорлық көрсету, оларды қолдау арқылы өтеледі. Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету мемлекет тарапынан ғана емес – қоғамның барлық өкілдерінің, әсіресе жас буынның басты парызы екенін де ұмытпаған жөн. Менде өз кезегімде ардагер ата-апаларына қарттар күніне орай мерекелік құттықтау себеттерін сыйладым. «Nur Otan» партиясы «Жетісу» аудандық филиалы және сондай-ақ «Jas Otan» ЖҚ АҚФ жастарының көмегімен аталған шараны ойдағыдай атқардық. Ұрпақтар сабақтастығы сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық.
