Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Раушан Хожабай тұрғындармен онлайн форматында сұхбаттасты

Қыс мезгілінде көп көтерілетін мәселелердің бірі - көпқабатты үйлердің жылумен қамтамасыз етілуі. Осы орайда Макинск қаласындағы Спортивная көшесінің тұрғындары "Nur Otan" партясының аудандық филиалына хабарласып, үйлерінде жылу ойдағыдай емес екенін айтты. Өтініш бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Раушан Хожабай тұрғындармен онлайн форматында сұхбаттассып, мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты. Әңгіме барысында облыстық энерго бақылау мекемесі үйдің жылу жүйесін тексеру үстінде екені анықталды. Сонымен қатар, қаладағы жылу беру компаниясы 16 үйге дейін жылуды барлық техникалық тәртіп бойынша беруде, тек үйдің өзіндік жылу жүйесінде бір ақаулар бар. Сөз барысында Раушан Түркменбайқызы тұрғындар орын алған кемшіліктерді өз қаражатына дұрыстауға, жылу жүйесін қалпына келтіруге тиіс екенін ұсынды, себебі үйдегі барлық пәтерлер жеке меншік болғандықтан, ондағы мәселелер ортақ күшпен шешілуі абзал деп әңгімені қорытты.

0
0
173

Осы тақырып бойынша

Раушан Хожабай тұрғындармен онлайн форматында сұхбаттасты - Yvision.kz