Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құраншылардан: Біз тоқтадық!

www.nurmura.kz

 

Құрметті қазақстандықтар! Бізді кешіріңіздер! Біз қателесіппіз, сол үшін өкінеміз!

Қалай ғана өз бетімізбен кетіп, өз басымызбен ойланып, толғанып жүре аламыз беп ойладық? Оның орнына дүмше молдалардың артынан еріп, етегінен ұстап, айтқан сандырағына сеніп жүре берсек қайтеді?

Қалай ғана Құранның 19 санымен шынымен де кодталғанын алде еместігін тексере қалдық? Оның жазылуындағы сұлулығының қоршаған ортадағы, адамның жан әрі тән сұлулығымен ундес екенін көрмес едік қой. Оған қоса математикалық және логикалық жағынан кереметін де көрмес едік.

Масқара! Бүлдірдік бәрін де!

Біз араб сөздерін зерттеп білу үшін сөздіктерге бас ұрмауымыз қажет еді!

Неге ғана араб тілінде қолды шауып тастау мағынасын беретін сөздің «батара» екенін, елдер ойлағандай «ақтаху» емес екенін таптық? Сондықтан ұрының қолын шабудың исламда жоқтығын айта қалдық. Неге?

Әйел баласының хиджаб киюіне әмірдің жоқтығын дәлелдегеніміз үшін кешірім өтінеміз. Өйткені Құранда «хиджаб» сөзінің бас киім ретінде қолданбағанын көрмегендей, білмегендей жүре беруіміз керек еді.

Құранның мейірімділікке шақырғанын көріп, адамдардың қиялынан шыққан, зинақорларды таспен атқылап өлтіру әміріне иланбағанымыз үшін кінәлі емеспіз.

Құрыдық біз! Дүмше молда-имамдардан, шайхы-машайхылардан құралған абыздар корпорациясын сынап, ағаттық еттік. Олардың иланғыш қарапайым халықты алдап, тауып отырған нанына қол сұғып жібердік қой.

Қарғыс атсын бізді! Біз оқып білуге болмайтын, тиым салынған нәрсеге қол ұзаттық: Сократ, Платон, Декарт, Локк, Бэкон, Әль-Фараби, Ибн Сина, Абай, Юнг, Кеплер, Лейбниц, Аристотель сынды философ-ғалымдардың еңбектерін оқып зерттедік емес пе?

«Хадж» сөзінің «хаджаджа» деген сөзден туындағанын және «айтыс» деген мағына беретінін тапқанамыз қандай ұят болды десеңізші.

«Иман» сөзінің ең негізгі әрі басты мағынасының «көз жеткізу», «нық сенімде болу» екенін сөздіктерден білгеніміз де орынсыз болды.

Жалғыз күмәнсіз нәрсенің күмәннің өзі екенін түсіндік айыпқа бұйырмасаңыз. Күмәннән күмән туса күмән арта туседі. Күмәннің де ойлау қабілетінен туындайтынын да түсіндік. Ал ойлау қабілеті тек қана қисынға (логикаға) тәуелді және одан туындайтын математикаға сүйенеді.

Математикаға негізделген тамаша сұлулықты қоршаған ортамыздан көріп, Фибоначчи сандарын, физика және химия заңдарын да зерттегеніміз қандай өкінішті еді.

Әрбір адамның бақытты әрі тәуелсіз болуына құқығының бар екенін, догмалардан ада болғанын қалап жар салдық. Бұл сұмдық емес пе?

Біздің досымыз Асылбек зымиян болып шықты деген журналисттерге сенбей қайда барамыз? Оның нашақор екенін әшкерелеген де солар. Оған қоса шет елдердің барлау қызметтерінің тыңшысы екенін, бір емес үш бірдей елдің (АҚШ, Ресей, Израиль) тыңшысы екенін де айтқан солар. Бұлай ету барып турған қылмыс емес пе? Ұяттағы!

Өйткені журналисттер біздерді ешқашан алмайды емес пе? Оларға сенбегенде кімге сенеміз?

Құранның ең басты үндеуі адамның ақылына, туйсігіне екенін білгеніміз барып тұрған өрескел қателік болды ғой!

Құдайдың әділетсіздікті және Ақиқатты бүркемелеп тасалағанды сүйметінін айтқанымыз да артық болды.

Адам мен Хауаның Құранда теңеу ретінде айтылып, эволюцияны Құран растайтынын айтқанымыз тіпті әбестік болды.

Құранның тұла бойы ғылыми дәйектерге толы екенін көрсетіп бейне роликтер түсіргеніміз үшін жер басып жүргеніміз бекер.

Бізді кешіріңіздер! Бұлай жасамайтын болдық.

Осы ма бізден күткендеріңіз?

 
0
0
408

Осы тақырып бойынша

Құраншылардан: Біз тоқтадық! - Yvision.kz