Құран мен ғылым ұстанған адасқан болса, зікірші-сопы фанатик тура жолда ма?
Құран мен ғылым ұстанған адасқан болса, зікірші-сопы фанатик тура жолда ма?
Интернет әлемінде ойлы монотеисттерді балағаттайтын, дәлелсіз жала жабатын, өсек тарататын «тролльдер» мені алаңдатуда. Өзін журналист ретінде таныстырған Ардабек Солдатбай деген мырза солардың бірі. Арамызда қысқа диалог болса да (агент арқылы) өзінің позициясын нағыз ержүрек ортодоксальды, радикал - фанатик сияқты көрсетті. Балағаттап сөз тигізді. Сабырсыздық танытты. Тіпті, бұл кісіні вахаббит деп ойладым. «Сен менің журналист екенімнен хабарың бар ма?» деп тәкаппарланып мақтанғандай болды. Құранның ғажайыптылығы туралы білетін шығар деп сұрап едім, жауымен тілдескендей көрді,арамызда кикілжің пайда болды. Негізі бұл кісіні сайттағы мақалаларды оқуға шақырып едім, оның орнына балағат сөздерді оқыдым: сектант, оттаған, жауыз, шайтан, атақсыз сорлы (соған қарағанда өзі атақ қуған жрец секілді).
Сайт, негізі ғылыми. Ежелгі грек, мұсылман пәлсапасы және де Құранның кереметтілігі туралы ақпараттар өте көп. Солдатбайдың неге құтырып сектант дегенін түсінбедім, бірақ естігенім (serke.org ) ол кісі нағыз «зікірші» сопы екен. Сопы екенін білгенде таң қалмадым, артынан бір күлдім. Сопылар жаратылысымен сондай сөзге түсінбейтін рационализмнен аулақ догматик, оккультты, мистикаға бой ұсынатын адамдар екені рас. Сондай радикалды дінді таратқан Исматулла Мақсұм, Саят Ыбырай және т.б еді. Олардың жасаған істерін халық біледі. Жасаған істері сопылықтың теріс ағым екенін ап-анық көрсетті. Тіпті хабар агентігі ұсынған сопылар туралы фильмді көргенде жағамды ұстадым. Жас балаларды зорлықпен ұстап білім берулері, ұрып соғуы, медициналық көмек көрсетпеуі сектаның нағыз сипаты. Бұл Құрандағы Исламға жат қылық, бұл сопылықтың зорлығы!
Құдай былай дейді:
256. Дінде зорлық жоқ. Тура жол мен азғындық (жігі) айқын ажыратылды. Кімде-кім бұтқа табынудан безіп, Аллаға сенсе (иман келтірсе), ол сынбайтын берік тұтқаны қолына ұстаған болады. Шыны сол – Алла естіп те көріп тұрады (2:256).
Сопылықтан сектаның иісі мүлкіп тұр. Еліміздің көптеген мешіттеріне кірсеңіз, Әбу Ханифа мазхабы дұрыс деп тері жамылған дүмше (негізі сопы) молдаларды көресіздер. Тығылып,Исматулла оқиғасындай білімсіз халықты жинап зікір етулеріде ғажап. Солдатбайға келер болсақ, тура сол зікірші - сопылар секілді қылық көрсетті. Ешқандай дәлелсіз, фанатиктер секілді жала жапты. Айтқым келген Құранның аяттарынан бас тартты, Құранға қатыстарын жоқ деп. Адаммен адам сияқты сөйлесейін деп едім мазақ қылды, күлкімді келтірмеші деп. Құран бұларға маңызды емес, бұларға пірлерінің сөздері маңызды. Сопылық, түсініксіз эзотерикалық секта және абыздық касталардан тұратындықтан олардың ақидасы вирус секілді адам санасына қауіпті, ақидаларын жұқтырған адам тұйық, надан, фанатик болады. Пайғамбарға және де тақсырларға еліктейміз деп мәс, шапан киіп сақал өсіреді,кейбіреулері костюм киіп қойдың терісін жамылады. Ғылыми адамның ақылына қоңбайтын ертегі секілді мифтік хадистер айтады.(Пірлердің ұшуы, рамазанның Қияметте сөйлеуі, Аруақты адамдардың миллион түйір болып көрінуі.) Құдайға, шапағат болып жақындаттырады деп өлілерге сиынады, тіпті ұстаздарына сиынып қол аяқтарын сүйеді.
http://www.nurmura.kz/video/nakhshubandi-sopylarynyn-sumdygy
Мінекей сопылардың сұмдығы осындай. Құранның аяттарына көңіл бөлетін болсақ, олар нағыз ақылсыздар. Себебі олар Құранды ұстанамыз дегенімен шындығында өзге бір мифтік хадистерді ұстанады. Құранды өз беттерімен тәфсірлейді, яғни пірлерінің көзілдіріктерімен. Негізі адамзат тек қана Құранды ұстану керек, оған қоса басқа да ғылыми ізденісте болу керек.Сол арқылы біз үлкен жетістіктерге жетеміз.
Құдай айтады:
Ант болсын! Сендерге ішінде ескертулерің жазылған бір кітап түсірдік. Сонда да ақылдарыңды жұмсамайсыңдар ма? (Әнбие сүресі, 21/10)
Біз мына кітапты саған әр нәрсені егжей-тегжейлі анықтаушы, тура жолға бастаушы, рахым және бой ұсынушыларға (мұсылмандарға) сүйінші етіп түсірдік. (Нахл сүресі, 16/89)
... Сендерге аяттарды әбден анықтадық, бәлкім ақылдарыңды пайдаланарсыңдар! (Әли Имран сүресі, 3/118)
Өздеріне ап-анық дәлелдер келгеннен кейін талас-тартысқа салынып, жіктерге бөлінгендер сияқты болмаңдар! Оларға өте үлкен азап бар! (Әли Имран сүресі, 3/105)
Қандай бір нәрсе туралы ғылым (білім) өзіңде жоқ болса, ондай нәрсенің артына түспе! Шынында, есту қабілеті (құлақ), көру қабілеті (көз) және жүрек, одан сұраққа тартылмақ. (Исра сүресі, 17/36)
Мұсылман көргенін және естігенін міндетті түрде ақылға салып сараптап, ғылыммен дәлелдеп ұстану керек. Ал Солдатбай мырза білімі тасығандай Құдайдың соңғы кітабы Құранды ұстанушыларды адасқандар деп атады.
Сонда Құран мен ғылым ұстанған «құраншылар» адасқан болса, зікірші-сопы фанатиктер тура жолда ма ???
Құдайдың берген ақылын пайдаланындар, сопылықты тексеріндер. Сопылық бықсыған,жаман иісі бар екенін халықта біледі. Санамыз уланып Солдатбай секілді пірлерге еріп кетпейік.
«Арғы жағында ақыл болмаса, тек сыртқы сұлулық жануарларға да тән нәрсе» деп гректің ұлы философы Демокрит айтқан. Ал Бүкіл Әлемнің Раббысы ақыл туралы Құранда не деген екен?
Күдіксіз, жер бетіндегі әрекет ететін жан иелерінің ішіндегі ең нашары ақылын істетпейтін саңыраулар мен мылқаулар! (Әнфал сүресі, 8/22)
Аллаһ кір-қоқысты ақылын істетпейтіндердің үстіне салады! (Йұнұс сүресі, 10/100)
Қандай бір нәрсе туралы ғылым (білім) өзіңде жоқ болса, ондай нәрсенің артына түспе! Шынында, есту қабілеті (құлақ), көру қабілеті (көз) және жүрек, одан сұраққа тартылмақ. (Исра сүресі, 17/36)
Біздер өзімізді рационалды монотеисттер деп атаймыз. Біздердің көздегеніміз халықтың саналы болып, мифтен арылуына көмек ретінде Құраннан дәлел қылып ұсыну. Біздің еңбектерімізді (Құранның математикалық дәлелдемесі) қабылдамай бас тартсаңыздар өз еріктеріңіз!!! Өйткені Құран бойынша зорлық жоқ!!! Біздер, сіздерді бір мемлекетте тату- тәтті өмір сүруге, осы елдің дамуына үлес қосуға, адамның санасында пұт болған мифтерді алып тастауға және БОСТАНДЫҚҚА шақырамыз!!!
Аман Құмаров
