Ракеш Вашист. Үндістан мырзасы
Атышулы "Сен келерсің" хикаясында Каран Сингх Гроверді алмастырған үнді актері Ракеш Вашист, сөзсіз, сәтті орынбасардың мысалы. Үндістанның беткеұстар телехикаясындағы басты ер адам - Асад Ахмед Ханның рөлін сомдаушы жаңа актер атақ пен дарын жағынан кем түспейді. Аз ғана уақыт ішінде ол қазақстандық көрермендердің назарын өзіне аудартып үлгерді.
Оны түсінуге болады, себебі 2000 жылы көрікті актер "Үндістан мырзасы" атағын жеңіп алған. Өзінің сүйкімді жүзі мен үлкен талантының арқасында Ракеш отандастарының жүрегінен бірден орын тапты. Бірнеше жарнамалық роликтерге түскеннен кейін, Ракешке кино мен хикаяға түсу ұсыныстары қарша борп, тіптен Голливудтан да шақырулар келген.

35 жасар актердің зодиак белгісі - Бикеш. "Бизнес әкімшілігі" мамандығы бойынша Бомбей Университетін тәмамдап, магистр дәрежесін алған. Ракеш мүсін және бейнелеу өнерін сүйеді, атқа мініп, теннис, сыбызғы ойнағанды жақсы көреді. Жеке өміріне тоқталар болсақ, Ракеш танымал үнді актрисасы әрі тележүргізушісі Ридхи Дограмен отбасын құрған.
"Сен келерсің" хикаясының басты рөлінде ойнайтын Сурбхи Джиоти (Зоя) жаңа әріптесі туралы жылы сөздер айтады: "Каран өте қатал, менің ұстазым сияқты болған, ал Ракеш екеуіміз бірден достасып, тіл табысып кеттік. Ол түсірілім алаңында көп қалжыңдап, көңілді жүреді, маған сонысымен ұнайды!"
Ракештің өзі де Ахмед Асад Ханның рөлін қуана-қуана ойнайтынын айтты: "Мен бұл хикаяда ойнайтыныма ризамын, себебі "Сен келерсің" жер жүзіне танымал. Ал Асадтың кейіпкері оқиғаның тірегі. Мен үшін хикаяны түсірушілердің үмітін ақтау өте маңызды, оған қоса бұл өте үлкен жауапкершілікті талап етеді"
Бүкіл отбасымен күн сайын 21:00-де көріңіздер!
