Рахметқазинов Нұржан Нұрланұлы, Жұманов Ілияс Бейсембайұлы т.б үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Бүгін Үштөбе қаласындағы "Лад" ҚК қызметкерлерімен аудандық партия тізіміндегі кандидаттар: Рахметқазинов Нұржан Нұрланұлы, Боқбасаров Әділ Әбенұлы, Естеуов Болат Төлеуғазыұлы, Қалимолдина Ажар Нұрсалимқызы, Жұманов Ілияс Бейсембайұлы бизнес қауымдастық өкілдері және кәсіпкерлермен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында әр кандидат сайлауалды бағдарламаға тоқталып, дауыс берудің мемлекетіміздің болашағының дамуына қаншалықты түрткі болатынын ескере отырып,дамудың жеті басымдылығы бойынша да өз пікірлерін білдірді.
