Радиотыңдаушылармен тікелей эфир
2017 жылдың 13 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Н.Масимова «Қазақстан-Орал» облыстық радиосының «Горизонты Казахстана - 2050» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.
Бағдарламаның негізгі тақырыбы - Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» белгіленген мемлекеттік қызметті кәсібилендірудің маңыздылығы және «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауға қатысты болды.
Бағдарлама барысында радиотыңдаушылар тарапынан мемлекеттік қызметке өту, аттестациялау бойынша сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.
