ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай партия қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі.
Жаңа қабылданған партия мүшелерін «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Торғаев құттықтады.
«Nur Otan» партиясының қалыптасу және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының кемеңгер басшылығының арқасында партия еліміздегі жетекші саяси күшке айналды. Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының құрылуы мен қалыптасуының басы-қасында болды.
Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді. «Nur Otan» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді.

