Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Орал қаласында «Nur Otan» партиясының қатары толықты.

Салтанатты қабылдауда Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев 16 адамға партия билетін табыстады. Шара барысында Мұрат Рахметұлы «Nur Otan» партиясының жаңа мүшелерін 21 жылдық тарихы бар көшбасшы партияның қатарына келуімен құттықтады. Партияның басты міндеті – азаматтарға жүргізіліп жатқан реформаларды жеткізіп, бұқара халық пен биліктің арасына дәнекер болу екенін атап өтті.

Партия қатарына кіргендердің сапында БҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Жастар бастамаларын қолдау орталығы директорының орынбасары Мейрам Оспанов пен аталмыш университеттегі «Сұңқар» спорт клубының директоры Қанат Досмағамбетов, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің бөлім меңгерушісі Гаухар Салиева, Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің маманы Лунара Молдағалиева мен бас маманы Серікжан Еркеғали, «УТПК» ЖШС-ның қызметкерлері Виталий Семенов, Роман Хисаметдинов, Файруза Есмұратова, Римма Ергенова, №36 ЖОББ мектебінің мұғалімдері Лина Әлмұқанова мен Дана Гумарова, «Орал Транс» ЖШС қызметкерлері Жантөре Әбішев пен Артур Байғонақов, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының мамандары Мерхан Жанбузов пен Ботагөз Зайнуллина бар.

0
0
210

Осы тақырып бойынша

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Орал қаласында «Nur Otan» партиясының қатары толықты. - Yvision.kz