ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел
«Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әлбисенов іс-шара барысында Н. Ә.Назарбаевтың өмірбаяндық деректерін ұсынды, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің негізгі еңбектері, жетістіктері мен еңбектері айтылды. Сөз сөйлеушілер Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасап, егемен мемлекеттің даму кезеңдерін талдай келе, біздің республикамыздың барлық жетістіктері - Тұңғыш Президент-Елбасының ойластырылған ішкі және сыртқы саясатының дәлелі екенін атап өтті.

