ҚР Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік құрдастары" онлайн челленджі
Онлайн-челлендж
25.12.2020ж. Еліміздің қолға қондырған бақ құсы ол- біздің Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміз. Халқымызға ертеңгі күнге сенім берген, әлеуметтік-экономикалық өсімге жетелеген, тұрақтылықты қамтамасыз еткен, озық келе жатқан 30 елддің қатарына жетуді алдына мақсат қойып отырған бүгінгі тыныс-тіршілігіміз дос сүйсініп, дұшпан күйінгендей. Тәуелсіз елдің ұрпағы болып өмір есігін ашқан бір кездегі сәбилер бүгінде ес тоқтатқан, біліммен қаруланған, өмірден өз орнын тапқан азамат-азаматшалар. Осындай іргелі елдің құрдастарының ат салысуымен «Тәуелсіздік құрдастары» атты онлайн-челлендж өтті.
Әлеуметтік желі арқылы көрініс тапқан бұл онлайн-челлендж Тәуелсіздігімізді қызғыштай қорғау, ел іргесін мықты ұстап, тыныштығымызды сақтап қалу әрбір қазақстандықтардың басты мұраты делінген аталмыш шара маңыздылығымен, айтар ойының өзектілігімен жұртшылықтың жүрегіне жетті.
#NUROTAN
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021
