ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістері түсіндірілді

2021 жылдың 2 наурызында Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Аягөз қаласының Б.Момышұлы көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үй иелерімен кездесу өткізді.Кездесудің мақсаты 2020 жылғы 7 қаңтарда ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістермен таныстырып, кондоминиум объектісін басқару, мүлік меншік иелерінің бірлестіктерін, жай серіктестіктерді құруды түсіндіру және аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес үйлердің сыртқы келбетін қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар жүргізу.

Тұрғын үйді басқарудың екі түріде «бір үй-бір бірлестік-бір шот» қағидаты бойынша іске асырылатын болады, бұл тұрғындарға ортақ мүлікті күтіп ұстауға бағытталған қызметке кеткен ақша қаражатының жұмсалуының ашықтығын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кондоминиум объектісін басқарудың көрсетілген нысандарының бірін құру үшін тұрғындар жиналыс ұйымдастырып, тиісті хаттама жасай отырып, пәтерлер мен Үй-жайлар иелерінің 50% – дан астамының пікірін ескеруі қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, үйді жөндеуде мақсатында термомодернизация бағдарламасына қатысуды ұсынды.