Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб

Ауданға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед, Абай облыстық мәслихатының хатшысы Қуаныш Сүлейменов, облыстық мәслихат депутаты Айбек Нұғымаров, Қазақстан Жазушылар одағының Абай облысы филиалының төрағасы Мерей Қарт және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері келді.

Аудан ақсақалдарымен және зиялы қауым өкілдерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды.

📷Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың кемел ойлы, парасат биігі толысқан саяси дипломат екенін алға тартып, алдағы сайлауда барша қазақстандықты дауыс беруге шақырды.

📷«Абай ауданына бірінші рет келуім емес. Бұл киелі өңірден шыққан даңқты тұлғалар аз емес. Шежірелі Шыңғыстау бөктерінде тағылымы мол тарих жатыр. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Абай облысын қайта құрып, Ұлылардың мекеніне өзінің тағзымын жасады. Бұл бәріміз үшін қуанышты жаңалық болды», – деді М. Құл-Мұхаммед.

📷Аудан жастарымен кездесу кезінде өскелең ұрпақ Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құруға өзіндік үлестерін қосатындарын жеткізді.

📷«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі делінген. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету әрі қарай жалғасын табады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», – деді Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрсұлтан Камалов.

#Toqaev2022

0
0
275

Осы тақырып бойынша

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб - Yvision.kz