Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Президентінің 2020 жылы 1 қыркүйекте жолдауы аясында "КАНО" ұжымымен онлайн кездесуі өтті

12 қараша күні «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен ҚР Президентінің 2020 жылы 1 қыркүйекте жариялаған жолдауы аясында "КАНО" ұжымымен онлайн кездесуі өтті. Онлайн кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын «КАНО» бастауыш партия ұйымымен партияластар талқылады. Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар пікір алмасып, еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Кездесуге партия мүшелері, жастар, белсенді азаматтар қатысты. Жолдау аясында сұрақтарға тұщымды жауап беріп, аталмыш отырыс жоғары деңгейде өтті. «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары кездесу барысында " Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды", - деп айтқан мемлекет басышысының жолдаудағы бағытының маңызы еліміз үшін өте зор екенін айтты.

0
0
184

Осы тақырып бойынша

ҚР Президентінің 2020 жылы 1 қыркүйекте жолдауы аясында "КАНО" ұжымымен онлайн кездесуі өтті - Yvision.kz