Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына түсу талаптары түсіндірілді

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу үшін мемлекеттік қызметшілерге түсіндерме жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 2017 жылдың 26 мамырында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді.

Аталған кездесуге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының өкілі басқару институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Е.Абилдің қатысып, кездесу барысында қатысушыларға Академияға түсу бойынша жадынама-слайд көрсетті және қатысушыларға оқуға түсу бойынша сауалнама жүргізді.

Сонымен қатар, Академияның түлегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы Б.Хайруллин Академияға түсудің маңыздылығы жөнінде өз пікірін білдірді.

Кездесу соңында қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 
0
0
594

Осы тақырып бойынша

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына түсу талаптары түсіндірілді - Yvision.kz