ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедек адамдарды ...
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы мәселе қаралды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz
«Мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау Үкімет қызметіндегі маңызды міндеттердің бірі», — деді Б. Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда бүгінде 705 мыңнан астам мүгедек бар, оның ішінде 430 мың адам еңбекке қабілетті жаста, 181 мыңы – зейнеткерлік жаста және 94 мыңы – балалар.
Жалпы, ағымдағы жылы әлеуметтік төлемдерге, оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді қамтамасыз етуге 448 млрд теңге бағытталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.
Елімізде мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылуда.
Ұлттық жоспар 7 бағытты қамтитын 64 іс-шарадан тұрады, ол мүгедектік профилактикасы мен алдын алу, білім алуға қолжетімділік, кедергісіз орта, жұмыспен қамту, тиімді оңалту, әлеуметтік қызметтер және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері.
Толығырақ: https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/130565...
***
В ходе заседания Правительства под председательством Премьер-Министра РК Аскара Мамина рассмотрен вопрос о социальной защите лиц с инвалидностью. О проводимой работе в данном направлении доложил министр труда и социальной защиты населения Биржан Нурымбетов, сообщает primeminister.kz.
«Обеспечение прав и социальная защита лиц с инвалидностью является одной из важнейших задач в деятельности правительства», — отметил Б. Нурымбетов.
В Казахстане на сегодня, по словам министра, проживает более 705 тыс. человек с инвалидностью, из них 430 тыс. человек трудоспособного возраста, 181 тыс. пенсионного возраста и 94 тыс. детей.
В целом, в текущем году на социальные выплаты, обеспечение техническими средствами реабилитации и услугами выделено 448 млрд тенге, что на 12% больше, чем в прошлом году.
В стране реализуется Национальный план по обеспечению прав и улучшению качества жизни лиц с инвалидностью до 2025 года.
Национальный план состоит из 64 мероприятий, охватывающих 7 направлений, это вопросы профилактики инвалидности, доступа к образованию, безбарьерной среды, занятости, эффективной реабилитации, социальных услуг и модернизации общественного сознания.
Подробнее: https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/130565...
