Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары пленарлық отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа ...

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары пленарлық отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді қарап, оны ратификациялауды қабылдады. Жоғарыда аталған келісімге 2019 жылғы 20 желтоқсанда қол қойылды. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт шеңберінде ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ынтымақтастығын тереңдетудің нәтижесі болып табылады. ЕАЭО азаматтарын басқа мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыруы кезінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін құқықтық реттеу жұмыс күшінің қозғалуы жолындағы қазіргі кедергіні жоюға мүмкіндік береді және еңбек қызметін заңдастыруға қосымша ынталандыру болады. Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттің азаматтары сияқты зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы болады. ЕАЭО-ға қатысушы әрбір ел еңбек етушіге оның аумағында жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы төлейтін (экспорттайтын) болады. ЕАЭО-ның басқа елінде тұратынына қарамастан, еңбек етушіге зейнетақыны ол еңбек қызметін жүзеге асырған ЕАЭО-ға мүше мемлекет төлейтін болады. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/127880... *** Вышеуказанное соглашение было подписано 20 декабря 2019 года. Документ является результатом углубления сотрудничества стран-участниц ЕАЭС в рамках Договора о Евразийском экономическом союзе. Правовое урегулирование вопроса пенсионного обеспечения граждан ЕАЭС при осуществлении ими трудовой деятельности в других государствах-членах позволит устранить существующий барьер на пути передвижения рабочей силы и станет дополнительным стимулом для легализации трудовой деятельности. После вступления Соглашения в силу граждане государств-членов ЕАЭС будут иметь такое же право на пенсионное обеспечение, что и граждане государства, где они осуществляли трудовую деятельность. Каждая страна-участница ЕАЭС будет выплачивать (экспортировать) пенсию трудящемуся за стаж работы, выработанный на ее территории. Пенсии будут выплачиваться государством-членом ЕАЭС, где трудящийся осуществлял свою трудовую деятельность, несмотря на то, что проживает в другой стране ЕАЭС. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/127880...

0
0
125

Осы тақырып бойынша