Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Аманжол Әлтай...

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Аманжол Әлтай мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Светлана Жумкина "ULY DALA" гипермаркеті ұжымымен кездесті.

"Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі " Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірген кандидаттар алдағы бес жылда Жезқазған қаласында атқарылар игі істерге тоқталды. Көшбасшы партия өз бағдарламасында қала халқын алаңдатқан өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыныпты. Атап айтқанда, мысты өлкенің ауыз суы мен экологиясы, жолдардың жөнделуі, тұрғын үй салу, апатты үйлердің тұрғындарын көшіру, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, абаттандыру мен жасылдандыру бойынша нақты шаралар қабылданбақ. Осы жоспарларды өміршең ету үшін сайлаушылар 10 қаңтарда өтетін сайлауда бюллетенде екінші тұрған "Nur Otan"-ға дауыс беруі керек. Гипермаркет ұжымын сайлауға белсене қатысуға шақырған кандидаттарға сәттілік тілеген "ULY DALA" қызметкерлері "Nur Otan" партиясын таңдайтындарын айтып, қолдау білдірді.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
336

Осы тақырып бойынша

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Аманжол Әлтай... - Yvision.kz