Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі канвассинг өткізді.

2021 жылы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Басин Вадим Борисовичтің сенімді өкілі және облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы Саран қаласы тұрғындарының үйлеріне барып, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларға үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ, оларды 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
120

Осы тақырып бойынша

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі канвассинг өткізді. - Yvision.kz