Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

2020 жылы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Басин Вадим Борисовичтың сенімді өкілі Саран қаласы тұрғындарының пәтерлеріне барып, «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Акция барысында оларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ, отбасының кәмелетке толған мүшелерін 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
155

Осы тақырып бойынша

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың сенімді өкілі «Есіктен есікке» акциясын өткізді. - Yvision.kz