ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Юлия Бадина "Есіктен - есікке" акциясы шеңберінде..
Жезқазғанға келген жұмыс сапарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Юлия Бадина "Есіктен - есікке" акциясы шеңберінде тұрғындармен кездесті.
Үгіт-насихат форматындағы кездесуде жезқазғандықтар "Nur Otan" партиясы алдағы бес жылда елімізді бүгінгі экономикалық қиындықтардан сүріндірмей шығарып, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жоғарылату мақсатында бірқатар қолдау шараларын қолға алғанынан хабардар болды. Еліміздің жетекші партиясы Жезқазған қаласын дамытудың бағдарламасын әзірлегенін естігенде азаматтардың қуанышы тіпті еселе түсті. Өйткені, жылдар бойы шешімін таппаған сапалы ауыз судың мәселесі шешілетін күн алыс емес. Жезқазған жайлы да қауіпсіз, өркендеген қалаға айналады деген үміт отын жаққан партияның сайлауалды бағдарламасын жезқазғандықтар қос қолдап қолдайтынын жеткізіп, алдағы сайлауда жеңіс Елбасы бастаған "Nur Otan"-да екеніне сенім білдірді.
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2
