Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Ж.Р.Шұғаев пен В.А.Ким Тереңкөл ауданының кездесті

Тереңкөлдіктер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге келген меймандарға сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді.Мәселен, Марина Вагина есімді қатысушы аудан орталығында бассейннің қажеттігін айтты.- Ертістің жағалауында тұрғандықтан, балаларымыз өзенге көп барады. Олардың қауіпсіз жерде шомылғанын қалар едік, - дейді Тереңкөл тұрғыны.Сондай-ақ, 3 мыңнан астам халқы бар Песчаное ауылының тұрғындары ауыз су құбырының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және су тазартқыш ғимаратты реконструкциялауға ықпал етуді сұрады.Мәжіліс депутаттығына үміткерлер көтерілген проблемалар орынды екенін, әрі сайлаушылармен пікір алмасу арқылы партияластардың өңірдегі жағдайды назарда ұстауы жеңілдей түсетінін жеткізді. Өз кезегінде этно-мәдени бірлестік өкілдері жерлес кандидаттарға сәттілік тілеп, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтты.

0
0
172

Осы тақырып бойынша

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Ж.Р.Шұғаев пен В.А.Ким Тереңкөл ауданының кездесті - Yvision.kz