ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев Өтеген ауылында болып, а...
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев Өтеген ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуге әр түрлі нысаналы топ өкілдерінен құралған 60 адам қатысты. Одан бөлек Қарасу, Өтеген ауылдарының ақсақалдары Жасыбаев Тұрған, Мамаханов Бахыт, Битанов Айдарбай, Құрманов Әскербек қатысты.
«Nur Otan» партиясы Қордай аудандық сайлауалды штаб төрайымы Д.Сүгірбай кездесуге қатысушыларды ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаевтың өмірбаянымен, еңбек жолымен қысқаша таныстырды. Сөз кезегі ҚР Парламенті Мәжілісі депутатына кандидат М.Мұсаевқа беріліп, өз кезегінде үміткер Жамбыл облысының және Қордай ауданының 2015-2019 жылдардағы әлеуметтік – экономикалық дамуы барысы туралы баяндай келе, 2025 жылға дейінгі партияның Қордай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.
Кездесуге қатысқан ауыл ақсақалы Тұрған Жасыбаев кандидатқа батасын беріп, саяси додада сәттілік тіледі.
