Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығы үміткерлерінің «Қоғамдық келісім» КММ ұжымымен кездесуі

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына ұсынылған үміткерлердің Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Кездесу аясында Абаканов Елдос Нұрболұлы – «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары, Тайжанов Ерлік Серікбайұлы – Генерал- Майор, Мемлекет қайраткері, Смаилов Бауыржан Амангелдіұлы – ЖШС «Ақмола құрылыс материалдары» Бақылау кеңесінің төрағасы, Байсеркина Динара Сәтжанқызы - №6 қалалық емхананың бас дәрігері және де Уразалина Динара Аманболқызы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық ауруханасының директоры қатысты.

Кездесу барысында мекеме қызметкерлері балабақшада кезегі ұзақ болуына байланысты және де тұрғын үй мәселесі қозғалды. Отырыс соңында қызметкерлер өз өтініштерін қалдырып, үміткерлер алдағы уақытта қозғалатынын айтты.

0
0
277

Осы тақырып бойынша

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығы үміткерлерінің «Қоғамдық келісім» КММ ұжымымен кездесуі - Yvision.kz