ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттығына ұсынылған үміткерлер қандастар өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі
«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттардың қандастар өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Кездесуге Абаканов Елдос Нұрболұлы – «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары, Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы – «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, сондай-ақ, Тайжанов Ерлік Серікбаевич – Генерал-Майор, Мемлекет қайраткері, Саиров Ерлан Бияхметұлы – Еуразиялық интеграция институтының директоры қатысты.
Кездесу барысында қандастар жайлы ауқымды мәселелер көтерілді.
Соның ішіндегі 7 мәселе:
1) Келген қандастарға «Nur Otan» партиясының ішінен бөлім ашылса;
2) Өкімет тарапынан берілетін көмектер қол жетімді болса;
3) Ата-жұртқа қоныс аударған қандастарымыздың құжаттарын жылдам реттеу және азаматтық қабылдау мәселелері шешілсе;
4) Әр облыс орталықтарында келген қандастарға бейімдеу орталықтары ашылса;
5) Келген қандастарымызды жоғарғы оқу орындарына оқыту мәселесі;
6) Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндіктер берілсе;
7) Шет елден келген қандастарымызға жер мәселесі болса.
Болашақта осы мәселер өз шешімін тауып, «Nur Otan» партиясынан депутаттыққа үміткерлер ат салысады деген ойдамыз.
