Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

2016 жылы 14 қантарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы әкімі аппаратымен бірлесіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін таныстыру аясында «Мемлекеттік қызмет жаңа моделінің тұсаукесері «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек  үстел отырысына әкім аппарат қызметкерлері, қалалық басқарма басшылары, бизнес-құрылым өкілдері, ҮЕҰ және мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Камалов «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің тұсаукесері»  атты баяндамасында 2015 жылы 29 желтоқсанда  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың №153 Жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің  әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі  шаралар туралы» және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы  ережелені түсіндірдіріп өтті.

Әуезов ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызмет ардагері Бәтима Ибраева меритократия қағидаттарына негізделген қазіргі заманғы мемлекеттік аппараттын қалыптастыру және дамыту үшін, тиімділігі мен қоғамға есеп беруді алдыға тартып, мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін тиімді орындау үшін өздерінің кәсіби денгейі мен біліктілігін арттыру қажетілігін атап өтті.

 

0
0
750

Осы тақырып бойынша

ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы - Yvision.kz