Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңының нормалары түсіндірілді

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, 2019 жылдың 19 ақпанында Ақмола облысы Бұланды ауданында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру бойынша оқыту семинары өткізілді. Шараға ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдері мен мамандары шақырылды.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Б.С.Зұлқарнаева семинар өткізу мақсатында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының нысандарына, өлшемдеріне, дайындалуына, пайдаланылуына және қолданылуына қойылатын талаптар қойылатын қолданыстағы мемлекеттік стандарттар туралы ақпарат жеткізілді. Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына кезең-кезеңмен 2025 жылға дейін көшуін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңына латын графикасына көшуге байланысты өзгерістер енгізілді.

Осыған орай, презентация барысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» ұлттық стандартына енгізілген өзгерістерге назар аударылды. Латын жазуына көшуіне байланысты стандарттың барлық мәтіні бойынша «ҚАЗАҚСТАН» латын графикасымен «QAZAQSTAN» сөзін жазу ерекшеліктері.

Сонымен қатар, мамандар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану (орнату, орналастыру) ережелерінің талаптарына назар аударды; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою тәртібін айқындайды.

0
0
632

Осы тақырып бойынша

«ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңының нормалары түсіндірілді - Yvision.kz