Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ардагерлермен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясының партиялық тізімдері бойынша Батыс Қазақстан облысынан ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев, Сәбира Сүндетова ел ағасы, ауданның Құрметті Азаматы,аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уалиев Амангелді Мырзағалиұлымен кездесу өткізді. Ақсақалдың үйіне барып, жеке кездескен кандидаттар ел ағасының әңгімесін тыңдап, өмір жолымен танысты. Әңгіме барысында өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен де таныстырып, атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті.

Партияны қашанда қолдайтынын білдірген ардагер аға алдағы саяси науқанға сәттілік тілеп, елдің тыныштығы мен бірлігі басты мақсат екенін айтты.

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan

Осы тақырып бойынша