ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттар А.Жамалов пен С.Имашева«Мұхит» БПҰ өкілдерімен жүздесті.
Бүгін Қаратөбе ауданына үгіт-насихат жұмыстарымен келген Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына кандидаттар А.Жамалов пен С.Имашева аудандық мәдениет үйінде «Мұхит» бастауыш партия ұйымының өкілдерімен жүздесті.
Еркін форматта өткен кездесуде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылар жұмыстар мен жоспарларына тоқталған кандидаттар, кездесуге қатысушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Кездесуге келген білім саласының қызметкерлері білім саласындағы кейбір түйткілді мәселелер жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
